Оқу ордамызда көптен күткен қуанышты жағдай. Университет президенті Болатбек Абдрасиловтың тікелей қолдауымен радио және телестудия ашылды. «IASAYI FM» радиостудия 24 сағат жұмыс жасаса, «YASAYI TV» алдағы уақытта маңызды шаралардан ақпараттар жасалынатын болады. Қазіргі таңда оқу ордамызда 80-жуық студент журналистика мамандығында білім алуда. Әрқайсысының осы студияда төбе көрсетсем деген арман-тілегі бар. Студенттердің көп салалы журналист болып қалыптасуына бүгінгі студиялардың ашылуы серпін бергендей.
Студиялардың алғашқы шығарылымдарын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов пен I вице-президент Женгиз Томардың сұхбат беруінен бастады. Басшылар құттықтап, болашақ мамандарымыз тәжірибе жүзінде де білікті болсын деп жағдай жасалғандығын жеткізді. Алдағы уақытта заман талабына сай техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге уәде берді.
Жастар жылына орай жасалып отырған бұл үлкен мүмкіндікті, студенттер қуана қабылдады. Білімгерлер «YASAYI TV» студиясында түрлі бағдарламалар түсіріп, құтты қонақтарды қарсы алуға әзір. Бүгінгі күннен бастап «IASAYI FM» радио толқыны өз жұмысын бастап та кетті. Ендігі кезекте «IASAYI FM» радио толқынынын http://ayu.edu.kz/ Radio Yassawi FM қарап тыңдай аласыздар.