8-14 сәуір аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе ұйымдастырған «Түркия – Қазақстан денсаулық аптасы» басталды. Осыған орай «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығында журналистермен брифинг өткізілді.
Онда журналистер бірқатар сұрақтар бағыттап тиісті мамандардан жауаптар алды. Және де мұндай мамандардың алдағы уақытта көптеп келуін ұсыныс ретінде білдіріп, өңір жұртшылығы үшін үлкен мүмкіндік екендігін жеткізді.
«Түркия – Қазақстан Денсаулық аптасы» барысында Түркия мемлекетінен келген хирург, балалар хирургі, уролог, офтальмолог, пластикалық хирург, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, ЛОР мамандары Tүpкicтaн қалалық балалар ауруханасы, №3 облыстық Перинатальдық орталығы мен клиника-диагностикалық орталығында науқастарды қабылдап, олардың көрсетпелері бойынша тегін оталар жасалынатын болады.
Қожа Ахмет Ясауи университетінің медицина факультетінің клиникалық базасында Түркістан облысының дәрігерлеріне «Радиология», «Шұғыл көмек және ТРИАЖ системасы» бойынша семинар-тренинг, тәжірибе алмасу сабақтары өтіп, нәтижесінде сертификаттар табысталатын болады.